Түзеу мекемелерінде азаптауға жол жоқ

3
0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында  департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың төрағалығымен түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қатысты  заңсыз әрекеттерге, азаптауларға және өзге де қатыгездікке жол бермеу  мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге облыс прокурорының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Махмут  Алмас,  ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Даурен Шарипбаев, түзеу мекемелерінің бастықтары мен жеке құрам қызметкерлері  қатысты.

Аталған шараның мақсаты жоғарыда атап өткеніміздей,  түзеу мекемелерінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарымен заңды мүдделерін сақтау, азаптаулардың, азаптауға немесе өзге де заңсыз әрекеттерге жол бермеу.

Жиын барысында ҚАЖ қызметкерлеріне арнайы контигентпен  қызмет барысында  өз құқықтарыңызды да сотталған азаматтардың құқықтарын заң аясында сақтап, сотталғандар тарапынан құқықбұзушылықтар жасалған жағдайда тек заң шеңберінде шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. 

Айта кету керек,  түзеу мекемелерінің жаппай бейнекамералармен жабдықталуы азаптаудың алдын алуға және сотталғандардан түсетін арыз шағымдардың азайуына мүмкіндік беруде. Облыстық түзеу мекемелерінде азаптау фактілері  бойынша оқиғалар орын алмаған.


Сурет ҚАЖ департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: