Қызылордада 12,6 млн теңге қаражатты жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды

349
0

Қызылорда қаласында 12,6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді. Аталған шара барысында бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету дерегін анықтады.

«Қызылорда қаласындағы орта мектептің бірінің бухгалтері 12,6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты иемденген. Оған қатысты облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс сотқа жолданды. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы 543 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: