Қызылордада өңірлік палатаның жеке сот орындаушылары мен Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп алимент санатындағы атқару құжаттары бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып алаңына қамауда.
Аталған рейдтік іс-шара облыс аумағында бір ай бойы жүргізіледі. Іс-шара барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары да жүргізілуде.
Қызылорда облысының әділет департаментінің мәліметінше, аймақта берілуі тиіс алимент мөлшері 128 млн теңгеден асады. Ал жеке сот орындаушылары болса қарыздан жалтарып жүргендермен күресіп келеді. Жалпы алимент санаты бойынша 12 137 атқару өндірісі бар, оның ішінде 4 678 атқару өндірісі мерзімдік орындалуда, 6 090 атқару өндірісі бойынша борышкерлер ағымдағы алименттерді өз бетінше төлеп отыр. 3 айдан астам төлемеген 1045 борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойылған.
Сурет Қызылорда облысының Әділет Департаментінің фейсбук парақшасынан алынды