Көлік жылдамдығын едәуір арттырғандарға жауапкершілік күшейтіледі

6
0

Парламент Мәжілісінің қарауына «Жол жүрісі туралы» Қазақстан заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленген. Заң жобалары шағын электр және көлік құралдарының жекелеген түрлерін пайдалануды құқықтық реттеуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сонымен қатар, көлік құралының рұқсат етілген жүру жылдамдығын едәуір арттырған үшін, жолдар мен жол құрылыстарын ұстауға байланысты жасаған құқық бұзу әрекеттері үшін жауапкершілік қарастыру ұсынылады. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: