Кадр қызметі − Ішкі істер органдары жүйесінде маңызды болып табылады. Себебі кадр даярлау ісі мұқияттылықты талап етеді. Бүгін қызмет барысында кемшіліктер жіберген полиция қызметкерлерімен «Офицерлер кеңесі» өтті.
Кеңеске Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Мақсат Садыбеков төрағалық етті. Қызмет барысында кемшіліктер жіберген полиция қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызметтерін абыроймен атқарулары талап етілді.
Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызы зор.
− Бүгінде полиция ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-адамгершілік, патриоттық тәрбиесін арттыруға және тәлімгерлікке көп көңіл бөлеміз. Қала орталығында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің жұмыстары, олардың азаматтармен дұрыс қарым-қатынаста болуы барлық басшылық тарапынан бақылауға алынған,− дейді тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Мақсат Тұрымханұлы.
Алдағы уақытта да мұндай шаралар өз жалғасын табатын болады.
Сурет Қызылорда қалалық полиция басқармасынан