Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жалпы саны 4600 кітаппен толыққан, 300 - ден астам жазасын өтеуші оқырманды қамтып отырған кітапхана жұмыс жасайды. Алайда, қазақ тіліндегі әдеби шығармалар жиынтығы тапшы. Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері оқырмандар сұранысына сай мекеме кітапханасына алпысқа жуық түрлі ақын-жазушылардың шығармашылығындағы кітаптарды тарту етті.
– Жазасын өтеушілер мекемеде қалаған мамандығы бойынша білім алады. Сәйкесінше, білімдерін тереңдету мақсатында бірнеше әдебиетке сүйенеді. Өз қалаулары бойынша да түрлі ақын-жазушылардың шығармаларын оқиды. Мысалы, жақында сотталғандардың бірі ас мәзірлер жиынағын сұрады. Мекеме мен облыстық кітапхана қызметкердерінің біріккен жұмысы нәтижесінде жазасын өтеушілердің сұранысына ие кітаптар мекеме кітапханасының сөрелерінен табылды. Жаза басып жаңылса да, кітапқа құштар оқырманның бары көңіл қуантады, – дейді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы М.Әбдімажит.
Сурет ашық дереккөзден алынды