Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге арналған «Өмір құндылықтары» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Зарина Бисекова жүргізді.
Тренингтің мақсаты – жазасын өтеушілер арасында психологиялық ахуал орната отырып, олардың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
Іс - шара барысында өмірдің құндылығы, оның қымбат екені жөнінде мағлұматтар беріліп, әр адамның тағдыры өз қолында екені түсіндірілді. Сонымен бірге қатысушылар «Менің өмірлік мақсатым», «Жүрек тыныштығы» жаттығуларын қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Жазасын өтеушілер тренингте қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екенін ұғынуға мүмкіндік ала алды.
«Бүгінгі өткізілген тренингте өмірге деген қызығушылығымыз оянды. Өзіме деген сенімділік пайда болды. Жаза басып, жаңылып, бостандықтың қадірін түсініп жатырмын. Біз секілді азаматтарға осындай тренингтердің берері мол. Сергіп, ойымызды ашық айтып, психолог маманнан кеңес алдық. Ұйымдастырушыларға алғымысыз шексіз,– дейді жазасын өтеуші.
Сурет ҚАЖ басқармасынан