165 түйіншекке оралған есірткі тәркіленіп, таратушы ұсталды

19
0

Қызылордада  облыстық полиция департаменті  есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қала көшелерінің бірінде «КИА» маркалы автокөлікті тінту кезінде таратуға дайындалған, 165 түйіншекке оралған есірткі заты анықталып, тәркіленді. Оқиға орнында 20 жастағы облыс тұрғыны құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

        Анықталғандай, күдікті  облыс орталығында тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден жазулары бар пакеттер ішінде ақ түсті ұнтақтар, электронды таразы, фольга, изолента тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес айғақты зат ретінде тәркіленген синтетикалық есірткі заттары: «мефедронның» жалпы салмағы 233,28 гр. және «PVP» - 249,7 гр. құраған.

         Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3,5-тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу,электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: