Арал ауданының Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Тұрар Омаровтың қатысуымен «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында Жақсықылыш кентінде орналасқан №19 орта мектебінде ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында дәріс оқылып, кәмелет жасына толмаған балалар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бағытында ақпараттық танымдық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына көңіл бөлу, сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатыстыру, интернет желісінің зиянды жақтары туралы ақпарат беріліп, түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүргізбеу, көлік басқармау, жолда жүргенде абай болу, тағы басқа да тиым салынған орындарда жүрмеуін қадағалау ескертілді.
Сурет ашық дереккөзден алынды