Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері 24-27 сәуір аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары атқарылуда.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 123 дерегі анықталған. Оның ішінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 5, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің – 5, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 15, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың –1, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлікті басқаруы-1 дерегі тіркелген.
Сонымен қатар, іс-шара барысында 17 автокөлік айып тұрағына қойылса, 15 автокөліктің мемлекеттік белгісі шешілді.
Қызылордалық полицейлер барлық санаттағы көлік жүргізушілерін жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға, оны сауатты жүргізуге және әрбір жаяу жүргіншінің өміріне жауапты қарауға шақырады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.