Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алуда

11
0


Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен сауда, қызмет көрсету және туризм кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Аталған отырысқа Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайрат  Жақиянов қатысты.

 Жиынның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын-алу, кафе-барлардың, мейрамханалардың жұмыс режимі, террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын сауда және қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын талаптар туралы кәсіпкерлерге түсіндіру.

 Полиция қызметкерлері тарапынан кафе-барлар, түнгі клубтар және мейрамханаларда құқық бұзушылық пен қылмыс оқиғаларын, төтенше жағдайлардың алдын-алу, қауіпсіздік пен күзет жабдықтарын жаңғыртуға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері әрбір айтылған ұсыныстардың қараусыз қалмайтынын айтып,  кәсіпкерлерді тек заң шеңберінде қызмет атқаруға шақырды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: