Қызылордада алаяқ әйел сотталды

34
0

Қызылорда облысының тұрғыны 39 жастағы азаматша 2022 жылдың наурыз айында «несие алып беремін» деп және «медициналық мекемеге медбике болып жұмысқа орналастырамын» деп, алаяқтық жолмен екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 850 мың теңгені құрады.  

Тергеу барысында күдіктінің жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сараланған. 

5 қаңтарда алаяқ азаматша сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.


Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: