Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналды

13
0

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында аудандардарда  білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектептің оқушылары және ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткен шара соның бірі. 

Нақытрақ айтқанда, Қазалы ауданы полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры М.Бегалиева және Қазалы ауданы білім бөлімінің қызметкері Б.Айымқұловтың қатысуымен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде мамандар жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары кеңінен түсіндіріп, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берді. 

Жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік заттарынан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын-алу тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әсіресе, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды. Жамандыққа бармаудың жолы бос уақытты тиімді пайдалану екені ескертілді. Сонымен қатар, «Құқық бұзушылыққа, қылмысқа және кәмелетке толмағанға қарсы жасалған қылмысқа жол бермеу, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында еркін форматта түсіндіру жұмысы жүргізілді. 

Кездесу барысында аталған мәселелер бойынша оқушылар сала мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Сурет Қазалы ауданының полиция бөлімінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: