Мекеме заңгері сотталғандарға құқықтарын түсіндірді

1
0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазаларын өтеуде. Мекемеде жазасын өтеушілерге құқықтық түсіндірме жұмыстары жиі өткізіледі.

Мекеме заңгері Жалғас Есмаханов сотталғандарға ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің  118-бабына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бапта жазасын өтеу кезінде мемлекетке, мекемеге, жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда, сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болатынын және сотталған адам мемлекетке, мекемеге келтiрген залалдың, өзінің қашып шығуының жолын кесуге, өз денсаулығына қасақана зиян келтiрген жағдайда өзін емдеуге байланысты қосымша шығындардың орнын толтыруға тиiс. Заңгер Жалғас Есмаханов сотталғандардың жаза өтеу кезінде құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп және әрбір адам өзінің жасаған әрекеттерінің салдары туралы хабардар болуы тиіс екенін атап өтті.

 Іс-шара соңында жазасын өтеушілер заңгерге толғандырған сұрақтарын қойды.


Сурет ҚАЖ департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: