Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуға кеңес мүшелері қатысып, «IT ТERGEU» жобасын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge -2023» халықаралық технологиялық форумында: «Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет. Біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек» - деген болатын.
Осы ретте ел Президентінің тапсырмасына сай Қызылора облыстық прокуратурасының бастамасымен «IT ТERGEU» жобасы әзірленген болатын.
Бұл бағдарлама қылмыстылықпен күресудің ең тиімді тәсілі қылмысты уақытылы әшкерелеу, кінәліні анықтап, әділ жазаға тартылуын қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына таптырмас құрал болып табылады.
Өз кезегінде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру арқылы қауіпті қылмыстардың алдын алуда, есірткі саудасының және интернет алаяқтарының жолын кесуде ұтқыр жүйе екендігі айтылды. Сондай-ақ, жиында жобаның мүмкіндіктері мен тиімділігі бойынша кеңінен сөз қозғалды.
Басқосуда үйлестіру кеңесінің мүшелері жаңа жобаны жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Сурет Қызылорда облыстық прокуратурасынан.