«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында басқармаға 91 жасөспірім жеткізілді

13
0


Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ұйымдастыруымен қала көлемінде мамыр айының 10-12 күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы өтті.

Іс - шара барысында құқық бұзушы 91 жасөспірім  басқармаға жеткізіліп, олардың ата - аналарына  әкімшілік хаттама рәсімделген. 

Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікті болдырмау, қылмыстардың алдын-алу түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды анықтап, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, құқықбұзушы жасөспірімдердің ата - аналарына ҚР ӘҚБтК 442 бабы, яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын -сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы бойынша  67 әкімшілік шара көрілген.  Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК 132 бабы, яғни, кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру бойынша  3 хаттама рәсімделген.

    Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00- ден таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады»- деді басқарма бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ердәулет Баянбайұлы Жаукеев.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуда балаларды түнгі уақытта бақылауда ұстаудың маңызы зор. Мұны полиция қызметкерлері де ескертуден жаңылған емес. Тек айтылған ескертпелерге құлақ ассақ болғаны.


Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: