Жаяу жүргіншіге жол бермеген 1330 жүргізушіге әкімшілік хаттама рәсімделді

8
0


Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ,  жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлері анықтағандай, жаяу жүргіншіге жол бермеген 1330 жүргізуші жауапқа тартылды.

Аталған  жүргізушілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 600 -бабының 1-бөлігімен, яғни, жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау бойынша жауапкершілікке тартылды.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.


Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: