Жол-көлік оқиғасын болдырмау бағытында

16
0


Қазалы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарына  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық кодексінің 18-тарауындағы «Әскери қылмыстық  құқық бұзушылықтар» және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексінің негізгі талаптарын түсіндіру бойынша жеке  сұхбаттар мен дәріс өткізілді. 

Бұл шара ҚР ҚК Әскери полиция органдарының негізгі іс-шаралар  жоспарына сәйкес «Жол-көлік оқиғасыз демалыс» акциясы  аясында ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, бөлімнің жеке құрамына көлік басқару кезінде немесе қоғамдық  орындарда алкогольді ішімдіктерді  пайдаланбау, жол қозғалысы ережесін сақтау жөнінде, ережені бұзған жағдайда әкімшілік және  қылмыстық жауапкершіліктердің бар екені  түсіндірілді.    Сонымен қатар, әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдарға  осы жылдың бірінші тоқсанында орын алған қылмыстық және әкімшілік деректер туралы айтылды.


А. Жақыпова,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери  полиция 

бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе 

офицері, әділет аға лейнананты.


Сурет Қоғамдық даму басқармасынан 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: