Қызылордада пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

9
0

Қызылорда облысының прокуратурасы облыс аумағында табиғи ресурстарды өндірудің заңдылығына байланысты бірлесіп жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесін жариялады.

Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылорда қаласы, сондай-ақ Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш және Қазалы аудандарында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 8 дерегі анықталды.

– Құқықбұзушылыққа қатысы бар күдіктілер полиция бөлімдеріне жеткізіліп, пайдаланылған арнайы техника айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта жиналған материалдар келтірілген залалды анықтау және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органдарға жолданды, – делінген хабарламада.


 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: