Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

6
0


Қармақшы аудандық сотында азаматтардың қайтыс болуы туралы  фактілерді анықтау санатындағы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Қ.Мыханов, судьялар А.Сайдуллаев А.Қазыбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов,  аудан прокуроры М.Маханбетжанов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қ.Әліп, аудандық аурухана басшысы Б.Нысанбаев, аудандық заң консультациясының адвокаты Г.Қадырбаева және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілдері  қатысты.

Шараны сот төрағасы Қ.Мыханов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, қазіргі таңда қайтыс болу туралы фактіні анықтау санаты бойынша арыздардың сотқа түсу көрсеткіші көбейіп отырғанына тоқталып, осы санаттағы істерді қарау барысында жиі туындайтын мәселелерді талқылауды ұсынды.

 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша судья А.Қазыбеков баяндама жасап, азаматтардың қайтыс болуы туралы фактіні анықтау  санатындағы азаматтық істердің сотқа түсу көрсеткіштерінің артуына тоқталып, арыздардың санын азайту және осы санаттағы істерді қарау бойынша біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру қажет екеніне қатысушылардың назарын аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстарын айтып, өзара пікір алмасты.

Сурет Қармақшы аудандық сотынан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: