Референдум

«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы

28
0


«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ІІМ Көліктегі ПД Қызылорда станциясындағы ЖПб-не қарасты Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб-нің қызмет көрсету учаскесінде қару жарақ, оқ-дәрілерін тәркілеу және өз еріктерімен тапсыру мақсатында осы жылдың маусым айының 2-6 аралығында ҚР ІІМ бұйрығымен «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

 Осыған байланысты елімізде ауыр қылмыстардың жиеленіп кетуіне байланысты атыс қаруын қолдануына және оқушылар арасында заңсыз сақталған атыс травматикалық қарумен оқ-дәрілерді, сондай-ақ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескере отырып, азаматтарды өз еркімен заңсыз сақталған, тауып алған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді полиция бөлімдеріне тапсыруға шақырады. 

 Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекетінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 

 

К. Ибраев, 

Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб бастығы,

полиция капитаны. 

Сурет автордан

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: