«AMANAT» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал заңгері Сәбитбек Алшынбеков «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарға заңнамалық кеңес берді.
Қабылдауға келген тұрғындар еңбекақының уақытылы өтелмеуі және әлеуметтік көмек көрсету бойынша тақырыптарды қозғады.
Жұмысшының еңбек заңнамасындағы құқықтарының бұзылуы, атап айтқанда, жұмыс берушінің еңбек ақыға, зейнетақы қорына, еңбек демалысына, әлеуметтік аударымдарға төлем өтелмей жатқандығын жеткізді. Заңгер ҚР Еңбек Кодексіне сай заңнама аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мәселені оңтайлы шешу жолдарын түсіндірді.
Әлеуметтік көмек көрсету тақырыбы аясында тиісті мекеме басшысымен сөйлесіп, мәселесін толық зерттеп, оң шешілуіне ықпал жасалатынын жеткізді.
Сурет партияның обьлыстық филиалынан