Қызылорда тұрғынынан тіркелмеген қару мен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында екі полиэтилен пакетке салынған ерекше иісі бар шөп және тіркелмеген қару анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 1,3 келі кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау), сондай-ақ заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.