Пробация есебіндегі азамат балық аулау жарысына қатысып жеңімпаз атанды

11
0


Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен  «Біз бір командамыз» атты отбасылық балық аулаудан сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, бір -біріне деген сенімділікті арттыру және бір команда болып жеңіске деген талпынысқа жетелеу.

 Сайыс нәтижесі бойынша «Ең алғашқы ауланған балық» , «Ең кішкентай балық» және «Ең үлкен балық» номинациялары бойынша жүлделі орындар берілді. Атап айтқанда, Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған Қ  есімді азамат "Ең үлкен балық" номинациясы бойынша жеңіске жетіп,  арнайы дипломмен және сыйлықпен марапатталды.

 Пробация есебіндегі азамат – көп балалы әке. Ол отбасында жақсы әке, адал жар.


Сурет ҚАЖ департаментінен

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: