Қызылордада қаржы пирамидасын құрған азаматша 5 жылға сотталды

4
0


Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, 1990 жылы туған Гүлсая  Шагирова «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған. 

Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған. 

Сот оны Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды. 

Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді.


Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: