Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті.
Іс-шара мекеменің тәрбие бөлімі мен облыстық спорт басқармасы бірлесіп өткізді. Спорт саласының мамандары төрағалық етті.
Жазасын өтеушілер асық ату, ләңгі тебуден жарысқа түсті. Жарыс қызық әрі тартысты өтті. Сотталғандарды көтермелеу мақсатында марапаттаулар болды.
– Бұл жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзу жолға бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тұрғыда тәрбиелеу және еңбекке баулу мен әртүрлі спорттық шараларға жиі қатыстырып тұрамыз. Өйткені спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп, бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады, – дейді бөлім бастығы Азат Батырбеков.
Сурет ҚАЖ департаментінен