Пробация есебіндегі азаматтар садақ атудан сынға түсті

7
0


Қармақшы ауданында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы негізінде, «Ораз ахун» қоғамдық қоры мен аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтар арасында садақ атудан жарыс өтті. Бұл іс-шара ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және қоғамға қайта бейімделуді қолдау мақсатында жүзеге асырылды. Ұлттық мұраларымыздың бірі болып табылатын садақ ату жарысы, әсіресе, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға сенімділік пен жігер сыйлайтын ерекше мүмкіндіктердің бірі ретінде бағаланды.

Жарысқа 30-дан астам азамат қатысып, өз мергендіктерін сынады. Қатысушылар садақ ату арқылы физикалық дайындықтарын шыңдап қана қоймай, байырғы ұлттық құндылықтарға деген құрметті де сезіне алды. Мұндай іс-шаралар пробация есебіндегі тұлғалардың  өз-өздеріне деген сенімділікті арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Жарыс барысында жеңіске жеткен қатысушылар дипломдармен және  сыйлықтармен марапатталды.

"Садақ ату жарысына қатысып, жүлделі орын алу маған үлкен қуаныш сыйлап, болашаққа деген сенімімді нығайтуға мүмкіндік берді," – деп сотталған өз әсерімен бөлісті.


Сурет ҚАЖ басқармасынан

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: