Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде қақпа алдындағы кездесу өтті

6
0


Қызылорда қаласындағы №37 мекемесінде мерзім соңымен  сотталған А. есімді азамат бостандыққа шықты. «Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталушының денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ, оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Шараға Қызылорда қалалық пробация қызметі,  Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының мамандары, САӘПТЖЖБ-нің босатылатын сотталғандардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Арыстанова қатысты. 

Босатылушы соттталған азаматқа босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.

 – Мұндай іс-шаралардың мақсаты – сотталғандарға қоғамға бейімделуге, жұмыс табуға және ұзақ жылдар бойы бас бостандығынан айырылғаннан кейін дұрыс жолды таңдауға көмектесу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға қолдау көрсету. 

Ер адам жол көлік оқиғасын үшін  бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Қақпа алдынан оны бауыры  қарсы алды. 

««Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі және бұл осы санаттағы адамдар арасында қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жобалардың бірі» екенін айтады әділет аға лейтенанты  Жадыра Арыстанова.

Сурет ҚАЖ департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: