Тергеуді ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді.
Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген.
Нәтижесінде қаржы пирамидасына 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.
Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және Астана қаласынан құны 301 миллион теңге тұратын 7 пәтер мен «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді.