Сотталушылар арасында діни сауаттылықты арттыруға арналды

7
0


Жуырда  «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сәкен Сайранұлының  қатысуымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен  «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті.

Діни сауаттылықты арттыру, теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатын көздеген іс-шараға 30-ға жуық сотталған  қатысты. 

         Кездесуде Сәкен Сайранұлы  дін туралы,  діни радикализм туралы сөз қозғап, жазасын өтеушілерге  маңызды пікірлер айтып, дәріс оқыды.

        – Бүгінгі кездесуде діни танымдық уағыздар тыңдап, керемет әсер алдық. Өз сауалымды да  қойып, теолог тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Барлығын қарапайым тілде өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді. Осы іс- шараны  ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз, – дейді сотталған азамат.

         Кездесуге қатысушы сотталған азаматтар өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, пікір алмасып,  сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды

Сурет ҚАЖ департаментінен

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: