Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бүгін маңызды семинар-тренингке қатысты. ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің бастамасымен «Азаптауды, қатыгез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасты болдырмау және кінәсіздік презумпциясын сақтау» тақырыбындағы шараны «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Семинарды ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Жәнібек Мелдебекұлы ашып, қатысушыларға шараның мақсатын түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінің адам құқықтарын сақтау мәдениетін жетілдіру, азаптаудың алдын алу, заң аясында әрекет ету маңыздылығын ерекше атады.
Тренинг барысында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры Анар Ибраева «Азаптау еркіндігі: құрамы, элементтері мен стандарттары» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық және ұлттық заңнама талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Аман Күлмұхамбетов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байқожаев, Болашақ университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Гүлнар Арғынбекова және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілі Әсел Абдеш қатысты.
Тренинг пікір алмасу, диалог және ашық талқылау форматында өтті. Қатысушылар азаптаудың құқықтық сипаттамасы, оған қарсы күрес жолдары, кінәсіздік презумпциясы, сондай-ақ ар-намысты қорлайтын және адамгершілікке жат іс-әрекеттер арасындағы айырмашылықтар туралы құнды ақпарат алды. Соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сурет облыстық ҚАЖ департаментінен