Қызылордаға 20 вагон көмір жеткізілді

5
0

Биылғы жылу беру маусымына жалпы 176 мың тонна көмір қажет болса, қазіргі таңда облысқа 212 мың тонна артығымен жеткізілді. Ал бүгін қалаға 20 вагон көмір әкелінді. Облыс тұрғындары кезектілік ретімен көмір сатып алуда. 

Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің үйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов БАҚ өкілдеріне көмір қоймаларына жеткізілген қатты отын туралы баяндады.

- Қаңтар айына облысқа 339 вагон қатты отын қорын жеткізу жоспарланған болатын. Бүгінде 286 вагон көмір әкелінді. Жалпы күнделікті 15-20 вагон көмір келіп түсуде. Оның жартысы облыс орталығына тиесілі болса, қалғаны аудандарға тасымалдануда. Сонымен қатар, жолда 62 вагон көмір келе жатыр. Көмір бағасы 16 700 теңгеден тұрғындарға сатылуда. Біз Қазақстан темір жолы мекемесіндегі жүк тасымалы бөлімшесімен күнделікті байланыс орнатып отырмыз. Осы айға жоспарланған көмірдің тез жеткізілуін қадағалаудамыз. Әзірге көмір тапшылығы немесе тұрғындар тарапынан кезекке талас мәселесі жоқ. Барлық жағдайды жауапты салалармен бірге қадағалап отырмыз. Жалпы жеткізілген қатты отынның басым бөлігі «Шұбаркөл» маркасының көмірі, - деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: