Шымкенттік Павел анасы түскі асқа деп берген ақшаға Түркияда зардап шеккендерге макарон сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Добряки Шымкента" еріктілер клубы хабарлады.
Клуб мүшелері желімдейтін қораптарды видеоға түсіргелі жатқанда Павел есімді бала кіріп келген. Ол анасының түскі асқа деп берген ақшасына макарон сатып алып, Түркияға беріп жібергісі келгенін айтқан.
Оқушы клубтың мекенжайын әлеуметтік желіден тауып, жаяу жетіпті. Сол үшін бірінші сабағына үлгермей қалған.
"Мұндай алғаш рет болып тұр. Желімдейтін қораптарды видеоға түсіріп, топқа жібергім келген. Осы кезде ол кіріп келді, аты Павел екен, 4-мектептің 5 "з" сыныбында оқиды. Павелдің ата-анасы, мұны көріп отырсаңыздар, ұлдарыңызды мақтан тұтыңыздар. Ол түскі ас ішпей, көмектесіп, қайырымдылық жасағысы келді. Ол анасы түскі асқа деп берген ақшаға макарон сатып алған. Қойманың мекенжайын Инстаграмнан тапқан. Үйінен бізге дейін жаяу келіпті. Бірінші сабаққа кешігіп қалған. Оған мұғалімдері ұрыспайды деп үміттенеміз", - делінген жазбада.
Сурет ашық дереккөзден алынды.