Ұлымның кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес тиісті шара қолданылады - Дәулет Тұрлыханов

24
0

Спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортшының инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Ақпанның 11-іне қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым.

Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады.

Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын», - деп жазды Дәулет Тұрлыханов.

Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: