Қызылордада жалған есепке алу-бақылау маркасымен 4376 бөтелке арақ тәркіленді

30
0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында иемдену, пайдалану немесе өткізу дерегін анықтады.

Атап айтқанда, Қармақшы ауданының 2 тұрғыны екі мекен жайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2647 бөтелке, 0,2 литрлік 889 бөтелке және 1 литрлік 840 бөтелке арақ өнімін сақтаған. Олар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін тергеумен анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алып, пайда табу мақсатында үстіне ақша қосып сату барысында құрықталған.

      Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  233-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу  жүргізілуде. Оқиға орнынан қарап тексеру барысында жалпы саны 4376 бөтелке арақ  алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.  Тергеу талабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: