Алакөл бағытында «Тальго» пойызы жолға шығады

16
0

2023 жылы Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарынан Алакөл бағытында 11 маршрут қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Қазақпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Ж.Тайжанов «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызының іске қосылатынын хабарлады.

Өткен жылы темір жол көлігімен Алакөл жағалауына 243 мың жолаушы жеткізілді:

— еліміздің оңтүстік өңірінен – 118 мың;
— солтүстіктен - 72 мың;
— Шығыс Қазақстан облысынан - 52 мың
.Биыл жолаушыларға арналған орын саны 6%-ға артып, 276 мыңға жетеді деп жоспарлануда.Туроператорлар үшін коммерциялық пойыз билеттерін ерте брондау тәртібі бар – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 күн бұрын.Ж.Тайжанов Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальдық тасымалдауды (екі және одан да көп көлік түрлерімен тасымалдау) іске қосу мәселесін әкімдіктермен, әуе және көлік тасымалдаушыларымен бірлесіп қарастыру үстінде екенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: