«Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі 2009 жылы ашылып, ай сайын орталық 50 адамға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерін көрсетеді. Еңбек ардагерлеріне арналған сауықтыру орны күндізгі жартылай станционарлық жағдайда қызмет алушының қажеттіліктерін ескере отырып, жасына, жағдайына, денсаулықтарына қарай 7 бағытта жұмыстар атқарады.
Атап айтар болсақ, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономика және құқықтық бағытта арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетуде. Біздің орталыққа келетін ардагерлердің ең үлкенінің жасы 100 жасты құрайды. Айталық былтыр орталықта 63-пен 100 жас аралығындағы ардагерлер ем-дом алды. Қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психологиялық жай-күйін ескеріп, зерттеп тексеріп, дәрігердің тағайындауы бойынша ем шара жүргізіледі. Өткен жылы 470 қызмет алушыға осындай емшара жасалып, егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, массаж креслосы, табанға арналған массаж аппараты, УЗТ, парафин, Алмаг-02, ингалияция, электрофарез аппараттарымен де ем дом жасалады. Ардагерлер Евразия спорт кешенінен аптасына 2 рет бассейнге барып, теннис үстелі, тренажор залына барып спортпен де айналысып денсаулықтарын нығайтады – дейді мекеме басшысы Адранова Жанат Төлепбергенқызы.
Жалпы, облыста мұндай мекеменің республикада бірінші болып ашылуына сол уақытта мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Сейілбек Шаухамановтың үлесі мол болды. Ал әр жыл сайын орталықта орта есеппен 400-500 дей ардагерлерге қызмет көрсетілсе, 14 жыл ішінде олардың саны бірнеше есеге көбейіп сұраныстар артуда.
Орталықта ем-дом алудан басқа ардагерлердің уақытын көңілді өткізу үшін мәдени көпшілік шаралар күн сайын өткізу дағдыға айналған. Музыкалық мамандарымен бірге қызмет алушы ардагерлер әрбір даталық күндерде мерекелік шаралармен бірге концерттік бағдарламалар өткізеді. Сонымен бірге қала ішіндегі мәдениет үйлері, кітапхана жүйесі, балабақшалар, студент-жастар ұжымдары, достық үйінің еріктілері айтулы мерекелер құрметіне концерттік бағдарламаларымен келіп ем алушылардың көңілді дем алуына, ән тыңдап, би билеуіне мүмкіндік жасайды.
Мекемеде ем алып жатқан Салтанат Байсалова 2009 жылы зейнетке шыққан. Көпбалалы ана бұл орталықтың қызметін 2015 жылдан бері алып келеді.
– Мұндағы қызмет түрлерінің барлығына ризамын. Біздің жасымызда уақытылы демалып, денсаулыққа қараған дұрыс. Әр келген сайын төркінімізге келгендей қуанып қайтамыз. Бір өкініштісі, қала бойынша көп ардагерлер қамтылмай қалады. Енді орталықты үлкейтіп, орын санын көбейтсе нұр үстіне нұр болар еді, – дейді көпбалалы ана.
«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» демекші, зейнетке шыққан адамның уақытылы денсаулығына мән беріп, жаңа ортамен араласып, көңі күйінің көтерілуіне орталықтың тигізер пайдасы мол.