Қызылордада Назарбаев зияткерлік мектебіне жарылғыш зат қойылғаны рас па?

125
0

Бүгін түске дейін алдын ала хабарламасыз С.Бейбарыс көшесі жабылып, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ұстаздары мектеп ауласынан толық шығарылған болатын. Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізді.

«24 сәуір «Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы» полицияға хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді: тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады.

Қызылорда облысының ПД қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін ҚР ҚК 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген хабарламада.

Айта кету керек, Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары мен ұстаздары қазір мектепте сабақтарын жалғастыруда.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: