Қызылордада дүкеннің төбесі құлап, өзбекстандық азамат қаза болды

21
0

Қызылорда қаласында төбенің ағаш конструкциясы құлап, екі қабатты дүкенде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан өзбекстандық азамат қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 мамырда сағат 15.11-де болған. Қызылорда қаласындағы Төреқұлов көшесі бойында жаңа салынып жатқан екі қабатты дүкен төбесінің ағаш конструкциясы құлап кеткен.

«Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының 1996 жылғы азаматы сол жерде қаза болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: