4 өңірдің жол бөліктерінде көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

22
0

Еліміздің 4 өңіріндегі жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.


1. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:30 шамасында қардың көптеп еруіне байланысты және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық автожолының 707 шақырымынан 941 шақырымына (Аягөз қаласынан Боғаз ауылына) дейінгі аралықта барлық көлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу қойылды.


2. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 965 шақырымынан 1240 шақырымына дейінгі аралықта барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).


3. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысында көлік қозғалысының шектелуіне байланысты Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» автожолының 1240 шақырымынан 1357 шақырымға дейінгі аралығында көліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).


4. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында қар еріп, судың шамадан тыс көбеюіне байланысты және көліктің қозғалысына қауіп төнуіне байланысты Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау автожолының 147-шақырымнан 166-шақырымына дейінгі аралығында барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды (Алғабас ауылынан Ақмешітке дейінгі учаске).

Сурет ашық дереккөзден алынды.


 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: