«Ақтөбе - Қазалы» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты

15
0


Жақында  Ақтөбе облысы мен Қазалы ауданының арасында жаңа жолаушылар пойызының бағыты ашылған болатын. Бүгін Ақтөбе-Қазалы бағытындағы №630 жолаушылар пойызы Қазалы теміржол вокзалына келіп тоқтады. Қазалылықтар жаңа  пойыздың алғашқы жолаушыларын ерекше құрметпен күтіп алып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, қазақы дәм ұсынды.

Теміржол вокзалында өткен ерекше шараға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов, Жәнібек Алиев және теміржол мекемелерінің басшылары қатысып, жаңа жолаушылар пойзының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, бұл аудан тарихындағы алғашқы жағдай екенін жеткізді.

Пойызға  6, яғни үш купе және үш плацкарт вагон тіркелген. Алдағы уақытта жолаушылар ағыны көбейген жағдайда тағы төрт және одан да көп вагон қосу жоспарланып отыр.


Айта кету керек,  Қазалы-Ақтөбе бағытындағы №629 пойыз Қазалыдан тақ күндері сағат 18:20-да жөнелтіледі және келесі күні Ақтөбеге сағат 07:34-те жетеді. Ал, № 630  «Ақтөбе - Қазалы» бағыты  бойынша жұп күндері сағат 22:25-те жүреді. Қазалы теміржол вокзалына келесі күні сағат 11:32-де жетеді.


Сурет Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметінен

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: