Қызылордада үшем дүниеге келді

8
0

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшемдер дүниеге келді. Ұл бала мен екі қыз бала жүктіліктің 33-ші аптасында өмір есігін ашты. Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер үйлеріне шығарылды.

Үшемді дүниеге әкелген 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыныАқбота   Әбсаттар Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Бұл оның екінші жүктілігі, үшемге дейін Ақботаның 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Нәрестелер туған кезде салмағы 1830 грамм, 1670 грамм, 1200 грамм болды. Олар бірнеше минут айырмашылығымен дүниеге келген. Шақалақтар 1 айға жуық  дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады. 

 Нәрестелердің есімін Қазбековтер әулетінің үлкендері, яғни ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды. Анасының айтуынша кішкентай қызы Медина жейдемен туған.

 Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-шы аптада білгенін айтты. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіз болуы мүмкін екенін болжады, бірақ 8-ші аптада үшем екенін растады.

"Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Қуаныш  пен қорқыныш сезімі  болғанын жасырмаймын, жүктілік қалай өтеді, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады деп уайымдадым.", - деді  Ақбота.

Айта кетейік, облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылы 11133 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 151 егіз және 3 үшем болды.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: