Шетелдік көліктер 23 қаңтардан бастап заңдастырылады

35
0

Шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру 23 қаңтарда басталады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов хабарлады. 

Оның айтуынша, елге былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер заңдастырылады. Енгізілген тиісті өзгерістерге сәйкес, көлік иелері утилизациялық алым төлемейді, Бірақ 200 мың теңге мөлшерінде бірреттік төлем жасайды. 

- Өздеріңізге белгілі., Мемлекет басшысы былтырғы 1 қыркүйекке дейінгі және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастырудан өткізу туралы шешім шығарды. Осыған сәйкес, елдегі шетелдік автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін 200 мың теңге көлемінде төлем қажет. Осыдан кейін, алғашқы ресми жарияланған он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни, сол күннен бастап біз заңдастыруға кірісеміз. Жалпы шетелдік автокөліктерге бірнеше талаптар қойылады. Атап айтқанда, елге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі керек, іздеуде болмауы шарт, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс және кедендік тазартудан өтуі қажет, - деді Нұрмахан Сансызбайұлы.

Айта кетейік, аталған ереже биылғы шілдеге дейін күшінде болады. Сонымен қатар, жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға және шағын жүк көліктеріне, оның ішінде басқару тетігі оң жақта орналасқан көліктерге қолданылады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: