Фото: Көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз маманы
Қызылорда да көпбейінді облыстық ауруханада Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшем дүниеге келді. Бұл туралы көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз маманы хабарлады.
Қала тұрғыны Әсел Сабырбаева 23 жасында алғашқы сәбиі – үшемді дүниеге әкелді. Жас ананы акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова мен акушер-гинеколог Фатима Қосназарова босандырды.
Нәрестелердің туғандағы салмағы қыз бала 1996 гр, ер бала 1938, үшінші ер бала 1918 гр болды.
«Жүктіліктің 35 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Нәрестелердің туылған кезде жағдайы ауыр болды. Жансақтау бөліміне алынып, 2 күн аппаратта жатты. Өкпелерін дамыту үшін дәрі берілді», — деді жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Бекжанова.
Үшемнің денсаулығын жақсарту үшін мамандар жоғары сапалы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі кезде нәрестелердің жағдайы тұрақты, ана сүтімен қөректеніп, анасымен бірге палатада жатыр.
Айта кету керек, аурухананың акушерлік бөлімінде жыл басынан бері 1343 нәресте дүниеге келген. Олардың 537-сі жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем алған.