«Қайсар» командасы Түркияға аттанды

6
0


Қызылорданың «Қайсары» Түркияға кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанды.  

Жиын барысында бас бапкер Виктор Кумыков бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар команда құрамына қосылатын футболшылар Түркияда қаралымнан өтетін болады.
Алғашқы оқу-жаттығу жиынында қызылордалық команда Италияның «Сампдория» клубынан 0:3 есебімен жеңілсе, Өзбекстан олимпиадалық құрамасына 1:2 есебімен жол берді. 
Алдағы оқу-жаттығу жиынында олар Болгарияның «Локомотив» (София) клубымен 25 қаңтарда кездеседі деп жоспарланып отыр. Одан өзге де жолдастық кездесулер белгіленген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: