Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

8
0


Фото: ҚР ҰОК


Еркін күрестен Нови-Садта (Сербия) өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамы жарияланды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Біріккен күрес әлемінің (UWW) мәліметіне сәйкес, ел намысын төмендегі балуандар қорғайды:


57 келіге дейін: Жахонгир Ахмаджанов


61 келіге дейін: Мерей Базарбаев


65 келіге дейін: Рүстем Төлен


70 келіге дейін: Майис Әлиев


74 келіге дейін: Диас Сағдатов


79 келіге дейін: Ерхан Әбіл


86 келіге дейін: Мұханбет Мәмбетов


92 келіге дейін: Айбек Айтбеков


97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан


125 келіге дейін: Бауыржан Советов


Әлем чемпионаты 20-27 қазан аралығында өтеді.

Айта кетейік, еркін күрестен қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында қола алды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: