Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 15 ақпан күні, яғни, ертең 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Бұл туралы Қызылорда қалалық білім бөлімі хабарлады.
Айта кетейік, қаладағы 55 мектептегі 31 509 бастауыш сынып оқушы сабақты қашықтан оқитын болады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.