Қызылорда облысында 100-ден астам көлік жол бойында қалып қойған

6
0

Қызылорда облысында патрульдік полицейлер үш күн ішінде жол бойында қалған 100-ден астам автокөлікке көмек көрсетті. Олардың қатарында Ресейден Шымкент қаласына бет алған автоус ішінде қалып қойған өзбекстандық 62 азамат бар, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда облысы аумағында қолайсыз ауа райы сақталып тұр. Осыған байланысты және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.  Оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыс жасалды. 

«Халықаралық „Самара-Шымкент“ тасжолының Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұсындағы 1476-790 шақырымында Ресейдің Пермь қаласынан Шымкентке бағыт алған „Van Hool“ маркалы автобусының жанармайы қатып, үскірік аязда жол бойында қалған. Полиция қызметкерлері автобустағы Өзбекстан 62 азаматына жедел көмек көрсетіп, автокөлік қайта жолға шықты. Патрульдік полицейлер үш күн ішінде жол бойында қалған 100-ден астам автокөлікке көмекке келді. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты жол қозғалысы қатысушыларына өте мұқият болуын және шұғыл қызметтердің ескерту хабарламасына назар аударуын сұраймыз», — деп мәлім етті Қызылорда облысы полиция департаментінен. 

Полиция қызметкерлері көктайғақ кезінде жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, күрделі маневр жасамай, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтау қажет кендігін ескертеді. 

«Көктайғақ күндері қауіп жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де төнеді. Сол себепті жолда абай болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн», — дейді мамандар. 

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: