Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталғандар арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада өз жалғасын табуда.
Спорттық іс-шаралардың негізгі мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жазғы спартакиада аясында №37 мекемеде шахмат пен дойбыдан финалдық жарыс өтті. Сайыс барысында сотталғандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, белсенді қатысты. Спорттық іс-шаралар сотталғандардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай жарыстар жазасын өтеуші азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жазасын өтеушілер мекеме әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жазғы спартакиада аясындағы спорттық жарыстар алдағы уақытта да жалғасады.