Қызылордада топтық төбелес тоқтатылды

10
0
Әлеуметтік желіде  қала аумағында көшелердің бірінде орын алған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл оқиға орнына жеткен полиция нарядтары мен жедел –тергеу тобы төбелесті тоқтатты. Оқиға орнынан 18  азамат ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. 
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.
Облыс, қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік полиция қызметкерлерінің нарядтары күшейтіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Облыс, қала аумағында криминогендік ахуал тұрақты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: